Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл» жоспары бекітілген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №1147 қаулысы қабылданған.
Жоғарыда аталған, жоспардың 20-шы тармағын орындау мақсатында, Созақ ауданы тұрғындарына Созақ ауданы әкімі аппаратында 14.06.2024 жылы сағат 09:00-ден 19:00 аралығында «Ашық есік күні» акциясын өткізу» жоспарлануда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыған орай, аталған акцияға қатысып, өздеріңіздің мәселелеріңізбен жүгініп, тиісті ақпараттар мен пайдалы кеңестер алуларыңызға болады.
Мекен жайымыз: Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы-1 көшесі, 16 ғимарат.
Анықтама телефоны: 8 /775/ 414 50 08 Исаева Акнур Жандарбековна (Аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас маманы)
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*