Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » КӘСІП БАСТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

КӘСІП БАСТАУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРІЛДІ

2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында “Amanat” партиясы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен “Қарызсыз қоғам” жобасына ерекше тоқталып, оның игілігін барша халық көруі керек деген болатын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек, помост и текст
Аталған жоба көп ұзамай өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған шаралар жүргізілуде.
Осылайша жыл сайын 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат курстарын өткізу жоспары қойылды.
Возможно, это изображение 6 человек
Сондай кездесулердің біреуі Төрткүл елді мекенінде болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, “Amanat” партиясының аудандық филиалының жетекшісі Әлиасқар Байдуллаұлы және «Ұлы дала» ауыл бизнесінің дамыту ассоциациясы, «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасының қаржы-сарапшысы Ержан Кангелдиев және ауыл тұрғындары қатысты.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
Шара барысында мамандар тұрғындарға қаржылық сауаттылықты арттыру, оның ішінде қарыздан құтылудың, кәсіп бастаудың тиімді жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ бұғатталған есеп-шотты ашу арқылы қарызды өтеудің ұтымды жолдары туралы ақпараттар берілді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*