Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » «КҮН «ҚАРАЙ САЛМЕН» ӨТПЕЙДІ, ЖҰМЫС «АЙТА САЛМЕН» БІТПЕЙДІ»

«КҮН «ҚАРАЙ САЛМЕН» ӨТПЕЙДІ, ЖҰМЫС «АЙТА САЛМЕН» БІТПЕЙДІ»

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмыс аптасын аппараттық мәжіліс өткізіп, тапсырмаларды нақтылаумен бастады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека
Қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков облыс әкімінің жеке қабылдауында құрылыс саласына қатысты көтерілген 3 мәселе бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, шешімі кезек күттірмейтін өзекті мәселелер қозғалып, жүзеге асыру тетіктері талқыланды.
Облыс әкімінің халықпен кездесуі нәтижесінде белгіленген 9 тапсырманың, жеке қабылдау қорытындысымен нақтыланған 6 тапсырманың, қала әкімінің қабылдауында баяндалған 19 мәселенің орындалу сатысы мәжіліс барысында сараланып, мәліметтер ұсынылды.
Возможно, это изображение 3 человека, люди учатся и отдел новостей
Қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов экономика, кәсіпкерлік, тұрғын үй қатынастары салаларында тапсырмалардың орындалуы бойынша есеп беріп, ықтимал тәуекелдер тізбесін ұсынды.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында анықталған кемшіліктер туралы қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев баяндады.
Жұмысшы топтың қала аумағындағы көгалдандыру, абаттандыру және құрылыс нысандарына жүргізген зерделеудің нәтижесі бойынша ұйымдастыру-инспекторлық бөлімнің бас инспекторы Ердәулет Төрехан баяндама жасап, қалпына келтірілмеген олқылықтар жайын тарқатты.
Возможно, это изображение 1 человек и отдел новостей
Күн тәртібіндегі мәселелерді саралай келе шаһар басшысы әсіресе көгалдандыру мен тазалық жұмыстарына қатысты ескерту жасады:
— Жаздың аптабы басталды. Жасыл желекті суғаруды түнгі кезеңге ауыстырып, кезекшілік бекітуді тапсырамын. Кемшіліктерді жойып, бүлінген нысандарды қалпына келтіруді және тазалық жұмыстарын қадағалауды күшейту керек. Кез-келген істің көзін табу үшін бастамашылық және сауатты сараптама жасай білу керектігін естен шығармаңыздар. Күн «қарай салмен» өтпейді, жұмыс «айта салмен» бітпейді, әріптестер, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
Возможно, это изображение 3 человека и отдел новостей
Мәжіліс қорытындысымен жұмыс аптасына нақты тапсырмалар бекітіліп, жұмыс жоспары келісілді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*