Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ДЕМАЛУШЫЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

АРЫСТА «ТАЗА ҚАЗАСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ДЕМАЛУШЫЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Арыста «Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек
Акция аясында қала көшелерінің бойында орналасқан светодиодты түнгі жарықшамдарға жаппай зерделеу жұмыстары жүргізіліп, істен шыққан лампалар жаңасына ауыстырылып жатыр. Негізгі орталық көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп біткен соң, ішкі көшелердің бәрінде істен шыққан түнгі жарықшам бағаналары қалпына келтірілетін болады.
Бүгін Арбат демалыс аумағында орындықтарды сырлау, бұзылғандарын ретке келтіру, ағаштарды суарып, арамшөптерін шабу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, брусчаткалар ретке келтіріліп, ойын балалары үшін барынша жағдайлар жасалынуда.
Возможно, это изображение 3 человека, мотоцикл, скутер, велосипед, дорога, трава и улица
Ал «Теміржолшылар» саябағында маусым айында түнгі жарықшамдар іске қосылып, балалар үшін таптырмас ойын сауық орталығына айналды. Бұдан бөлек, саябақ аумағынан қоқыстар жиналып, полигонға шығарылуда.
Абаттандыру, тазалау шаралары Дендросаябақ, С.Адабеков саябақтарында да жалғасуда. Аталған жұмыстарды «Qazaq Real Stroy» ЖШС атқаруда.
Возможно, это изображение памятник
Ал, И.Ақымбеков көшесі бойындағы аллеяда автоматты суару жүйелері іске қосылып, газондарды суару жұмыстары. сонымен қатар тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*