Аудан әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, көтерме тарату орталығын салу бойынша инвестормен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеке кәсіпкер Нұржан Умаров Сарыағаш ауданы аумағынан өз иелігіндегі 1,3 га жерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, көтерме тарату орталығы құрылысын жүргізуді жоспарлап отырған жеткізді.
Аудан басшысы кәсіпкерлерді қолдауға әрқашанда дайын екенін атап өтіп,ауданның құрылыс және сәулет,қала құрылысы бөліміне және ауданның кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөліміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Айта кетсек, ауданға инвесторлар тартылып, жаңа нысандардың ашылуы аудан бюджетінің ұлғаюына алып келеді. Сонымен қатар, ашылған нысандарда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылып, жұмыссыз мәселесін шешуге де өз септігін тигізеді.
© Jetpisbai.kz