Аталған тапсырманы нақтылы іске асыруда «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясын жариялады. Әр аптаның бейсенбі күндері өтетін тазалық жұмыстарына түрлі деңгейдегі мәслихаттардағы партиямыздың фракция мүшелері, өңірлік, аудандық, қалалық партия филиалдарының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, қатардағы партияластарымыз қатысып, ең ластанған аймақтарда санитарлық тазалық жұмыстарын атқарып келеді.

Өткен аптаның бейсенбісінде акцияның бірінші науқаны аясында партияның өңірлік филиалының қызметкерлері Түркістан қалалық партия филиалымен және Түркістан қалалық мәлихатындағы партиялық фракция депутаттарымен бірлесе Түркістан қаласындағы магистралды темір жолдың бойын экологиялық тазарту акциясына қытысты. Аманаттық өкілдер бей-берекет шашылған қоқысты жинап, аймақтың таза кейіпін қалпына келтіруге жәрдемін көрсетті. Айналада тұратын тұрғындарға қазақ руханиятының алтын бесігі болған шаһарды күтіп-ұстау бүкіл түркістандықтар бірлесе атқаратын абыройлы міндет екені түсіндіріліп, жасырын келіп осы аумаққа күл-қоқыс төгетін көліктерді байқайтын болса, лезде учаскелік полиция инспекторына хабар беру керектігі ескертілді.

© Jetpisbai.kz
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары