Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » А.ИСМАИЛОВ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

А.ИСМАИЛОВ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратында аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Возможно, это изображение 2 человека и текст

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен қызметкерлері, ауыл округі әкімдері, бөлім басшылары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Аталған жиынның күн тәртібінде өзекті 5 мәселе көтерілді:
1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен 109 біріңғай байланыс орталығына түскен арыз-шағымдардың орындалу барысы туралы;
2. Шомылу маусымының басталуына байланысты судағы қауіпсіздік шаралары туралы;
3. Балалар арасындағы өлім-жітімді төмендету, балалар үшін қауіпті орталар мен отбасылардың бүгінгі жағдайы туралы;
4. «Мансап» орталығының 2024 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы;
5. «Мансап» орталығының жұмысына талдау жұмыстары туралы.
Возможно, это изображение 5 человек
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері баяндама жасады. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Мәжіліс барысында көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер белгіленбеген жерлерде шомылуды болдырмау, судағы қауіпсіздік шараларын және арнайы мамандармен рейдтерді күшейтуді тапсырды.
Возможно, это изображение 1 человек, отдел новостей и помост
Сондай-ақ, балалар өлімінің алдын алу мақсатында қауіпті орындар, қолдан жасалған аспалы көпірлер, көлшік сулар жиналған аймақтар, көп қабатты үйлердің балкондарын қоршау, балалар көп шоғырланып ойнайтын жерлерге жол кедергілері мен белгілерді орнату, қирауға жақын тұрған үй-жайлар мен ғимараттарды реттеу мәселелері бойынша ауыл округі әкімдері мен тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*