Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение 4 человека, телевизор, отдел новостей и текст

Жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды.

Айта кетейік, наурыз айында өткен Түркістан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жасаған ресми іссапары аясында Корея Республикасының Халықаралық сауда қауымдастығының (Korea International Trade Association) басқарма төрағасы Юн Джин Сик мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту талқыланды.
Возможно, это изображение 4 человека, отдел новостей и текст
Сонымен қатар Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында Оңтүстік Корея мемлекетімен келіссөздер жүргізіліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Білім беру бағытында қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған Түркістан қаласында ақпараттық технологиялар саласындағы Қазақстандық WOOSONG университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде көптеп ашуды тапсырғаны белгілі. Бұл ең алдымен білікті мамандарды оқытып шығаруға, жоғары технологияларды игеруге жол ашады. Жаңа білім ордасының инновациялар мен озық технологиялар орталығына айналмақ. Басты мақсат — адами капиталды дамыту. Бірлескен білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және студенттер мен оқытушылар алмасуы ақпараттық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау үшін қолайлы жағдай жасайтыны сөзсіз.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Жаңа білім ордасын ашу жобасының Түркістан өңірінің дамуындағы маңызды қадам болмақ. Бұл инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етері анық.
Филиал Түркістан қаласында жоғары оқу орындарының бірінің базасында орналасады. Түркістан облысының әкімдігі жатақхана және басқа да техникалық қолдау көрсетуге дайын.
Возможно, это изображение 4 человека, помост и текст
Меморандумға сәйкес университет ретінде Түркістан облысының әкімшілік-іскерлік орталығы аумағынан 18 қабатты ғимарат ұсынылды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*