Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН ӘРБІР МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА

ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН ӘРБІР МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА

Aудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжановтың төрағалығымен жиын өтіп, жиында 2024 жылдың мамыр айында аудан әкімінің ауыл округі тұрғындарымен кездесуінде көтерілген ұсыныс-пікірлерді іске асыру барысы талқыланды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Возможно, это изображение 7 человек и люди учатся

Жиынға жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл округінің әкімдері қатысты.
Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында 71 мәселе көтерілген. Аталған өтініштер мен ұсыныс-пікірлер жан-жақты зерделеніп, өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен іске асыру үшін күн тәртібіне енгізілген. Қазіргі таңда көтерілген мәселелердің 25-і орындалса, 43-і орындалу үстінде. Ал, қалған 3-еуі тұрақты.
Возможно, это изображение 6 человек и люди занимаются боевыми искусствами
Кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жауапсыз қалмауы тиіс екенін айтқан Жансұлтан Әділжанұлы ауыл округтерінің әкімдері мен мекеме басшыларының есебін тыңдап, бірқатар мекеме басшыларына заңдылығына қарай тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*