Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » БИЫЛ ЖИДЕЛІ ХАЛҚЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

БИЫЛ ЖИДЕЛІ ХАЛҚЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Шаһар басшысы Гүлжан Құрманбекова күре жол бойында орналасқан Жиделі ауылы тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 10 человек, толпа и текст
Ауыл әкімінің есебін тыңдап, тұрғындармен өткен жылғы атқарылған жетістіктерді баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Өткен жылы Жиделі, Аққала елді мекендеріне дейінгі газ құбырының құрылысы жүргізіліп, бүгінгі таңда кварталішілік газ құбырларын жүргізу жұмыстары қарқын алды. Алдағы уақытта Жиделі халқы көмір жағып әуреленбейтін болады.
«Өздеріңіз белгілі, ауылдарыңызды газдандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарып жатырмыз. Мемлекет сіздерге газды үй іргесіне дейін алып келеді. Сіздер тараптарыңыздан тұрғын үй құжаттарын рәсімдеп, үйге монтаждау жұмыстарын осы бастан қамданыңыздар,» — деді қала әкімі.
Возможно, это изображение 1 человек и помост
«Былтыр ғана Жиделі ауылында су жаңа 120 орындық ауыл клубы мен кітапханасын аштық. Енді, заманауи спорт зал салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, республикалық бюджетке ұсыныс енгіздік. Алдағы уақытта тиісті қаржы бөлінгенде, оның да құрылысы басталмақ» — деді Гүлжан Мамытқызы.
Биыл Жиделі елді мекеніндегі ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Яғни су ұңғымасы тазаланып, су жүйесі жүргізілмеген көшелерге жаңадан құбырлар тартылады. 2024 жылы Жиделіде Абай, Сырдария, Т.Рыскулов, Нартай, С.Сейфуллин көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жол салынды.
Сондай-ақ, Жиделіде екі каналды күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ. Ол үшін «3-К-1» және «3-К-3» каналдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін бірінің ЖСҚ әзірленіп, қаржыға сұраныс беріліп қойылса, «3-К-1» каналдың ЖСҚ құжаттары әзірленіп жатыр.
Возможно, это изображение 3 человека, люди учатся и текст
Кездесуде Жиделі тұрғындары тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды. Әр сұраққа заңға сәйкес жауаптар беріліп, шаһар басшысы тиісті сала басшыларына, жауапты бөлімдерге мәселелерді зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, азаматтардың жеке қабылдауы да өтіп, оларды шешу жолдары талқыланды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*