Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты Телемұнара мөлтек ауданында салынып жатқан 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылыс нысанына арнайы барып, инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысын саралады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан мектеп ғимаратының 48 метр су құбыры жалғау нүктесіне дейін 3 құдық қойылған, бетон сақиналары қойылып нығыздалып көмілуде. Сондай-ақ, газ полиэтилен 175 метр жерасты құбырлары орнатылған және нығыздалып көміліп, жалғау нүктесіне жеткізілген. Сонымен қатар, интернет желісінің техникалық шарты қайтадан алынып, топосъемка мен сызбаларды ауамен жүргізу үшін жобалаушы мекеме қайта сызуда.
Аудан әкімі жаупаты бөлім басшысымен жауапты мердігер мекеме өкіліне жоспарланған мектеп ғимаратына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуге қажет екенін және сапалы мерзімінде аяқтау қажет екендігін атап өтті.
© Jetpisbai.kz