Баршаңызды Мұсылман қауымының ұлық мерекесі –Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады.
Ислам діні барлық істе салиқалылық пен сабырлылыққа үндейді. Адамзаттың ізгі құндылықтарын уағыздайтын ата дініміз шектен шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді. Ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз өз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді.
Дәстүрлі дініміз Тәуелсіздікпен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралды. Бүгінде бейбітшілік белдеуіне айналған Қазақстанда ислам діні кеңінен қанат жайып келеді.
Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндеген мереке мүбарак болсын! Қасиетті күні тілеген тілектеріңіз, дұғаларыңыз қабыл болсын!
© Құрметпен, Түлкібас ауданының әкімі