Медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық екені баршаңызға белгілі. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Дертке шипа, денге саулық сыйлайтын сол ардақты мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Дәрігерге артылатын жауапкершілік өте үлкен. Оған адамның бойындағы ең қымбат байлығы – денсаулығы тапсырылған. Сол себепті, адам өміріне араша түсетін ақ халатты абзал жандарға деген халықтың ынта-ықыласы мен сый-құрметі ерекше.
Антына адал, сертіне берік медицина қызметкерлерінің барлығына шын жүректен алғысымды жеткізгім келеді.
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Шипалы қолдарыңыздан емін тапқан азаматтар көп болсын! Отбасыларыңызға, өздеріңізге амандық, саулық тілеймін! Алдағы уақытта да көптің ризашылығына бөленіп, ел өмірінің жақсаруына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін! Мемлекетіміздің медицина саласына адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар! Еліміздің бүгіні баянды, ертеңі нұрлы, келешегі келбетті болсын!