Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІР КҮНДІК ӨМІРІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІР КҮНДІК ӨМІРІ

‍♂️Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан өздерінің қызмет барысы туралы айтып өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілермен профилактикалық түсіндірме шараларын атқару, жол бойын қараусыз жайылып жүрген төрт түліктен тазарту, ең бастысы жол апатын болдырмау полицейлердің күнделікті жұмысы.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, олардың міндеті хаттама толтыру емес, жүргізушілерді қарапайым қауіпсіздік шараларын қолдануға дағдыландыру. Полицейлер жылдың қай мезгілінде болмасын, жолаушылар мен жүргізушілердің жанынан табылып, қажет сәтте жәрдем береді. Сондай-ақ қызмет атқару кезінде түрлі оқиғалармен кездесіп қалады.
▫️Мәселен аталған полицейлерден ағымдағы жылдың көктемінде республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолында тұрғындар көмек сұрайды. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанында, Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді.
⚡️Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Д.Сағынбаев суға секіріп түсіп, батып бара жатқан азаматқа жақындайды. Содан әріптесі Н.Сапархан екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады.
Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*