Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » МАҚСАТ: ЖАЙЛЫ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МАҚСАТ: ЖАЙЛЫ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт ауданы прокурорының қатысуымен Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган отырысы өткізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и учится
Күн тәртібінде 3 мәселе қарастырылды:
1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 14 маусымдағы №482 бұйрығымен бекітілген Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру туралы;
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығымен бекітілген Пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасасу қағидасына сәйкес жұмыстарды жүргізу туралы;
3. Консультациялық-кеңесші орган мүшелерінің 6 айында атқарған жұмыстары туралы.
Возможно, это изображение 3 человека и люди учатся
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мамандар баяндама жасап, тақырып жан-жақты талқыланды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*