Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Aудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жұмыс жоспарына сәйкес Састөбе кентіне барып, ауыл тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түлкібас Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение один или несколько человек
Кездесуге «Аманат» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме, бөлім басшылары қатысты. Кездесу ашық, еркін формата өтті. Тұрғындар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарды қойып, тиісті мардымды жауаптарын алды.
Алдымен Састөбе кентінде өткен кездесуде тұрғындар ауыз су, жер телімі, тұрғын үй, кәріз жүйесі, спорттық нысандар салу, уақытша баспана мәселелерін жеткізді. Аудан әкімі Н.Ізтілеуов тұрғындарын өтініштерін тыңдай отырып, көтерілген мәселелер заң талаптарына сәйкес кезең-кезеңмен шешілетінін жеткізді. Кездесу жиын Арыс ауылдық округі Керейт ауылында жалғасып, Мақталы және Еңбек ауылының тұрғындары өзен арнасын реттеу, жер, ағын су, жол сапасы, электр энергиясы, инернет, жұмысқа орналасу мәселелерін айтты.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Балықты ауылдық округінде де ауыл тұрғындары ауыз су құбырлары, тұрғын үй, жарықтандыру мәселелерін ортаға салып, аудан басшысы тиісті бөлім басшыларына орындалуын міндеттеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*