Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

ШЫМКЕНТТЕ ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Шымкентте газ жабдықтарын пайдалану кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасымен «Шымкент қаласының газ техникалық қызметі» құрылды.
Мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда.
Газбен жабдықтау туралы заңнамада газ жабдығының меншік иелері олардың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті екені көрсетілген.
Айта кетейік, мекеменің орналасқан жері: Шымкент қаласы, Абай ауданы, М.Сарсенбаев көшесі, 84 «а» үй. Тел: 8 (7252) 77 93 41.
Жалпы жарамсыз газ жабдығын пайдалану аса қауіпті екенін ескере отыра, қала тұрғындарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*