Бүгін “Жұмбақ-тау” демалыс аймағында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері мерекесіне орай салтанатты шара өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жергілікті журналистер мен ұзақ жыл осы салада қызмет еткен ардагер қаламгерлердің қатысуымен өткен шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков мерекелік құттықтауын жеткізді.
Қалам мен қағазын алып, қоғамның өткір де өзекті сауалдарын саралап жүретін журналистер қауымын марапаттап, сый-сияпат табыс етті. Билік пен бұқараны байланыстыратын баспасөз саласының майталмандары екенін айрықша атап өтті.
Арнайы жайылған ақ дастархан басында бас қосқан БАҚ өкілдері еркін форматта әңгіме өрбітті. Ізгі тілектерін арнап, көрсетілген құрметке зор алғыстарын білдірді.
© Jetpisbai.kz