Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНДА

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ТҮРКІСТАНДА

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Шардара ауданының Түркістандағы мәдениет күндері өтуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек, шахматы и текст
Шараның алғашқы күні Этноауыл аумағында «ШардараАрмспорт» клубының тарихы және «Шардара чемпиондары» ауданнан шыққан үздік спортшылардың жетістіктерінің, «Сыр шерткен Сырдың қойнауы» Шардара аудандық өлкетану мұражайының көшпелі көрмесі, қолөнер, қылқалам шеберлерінің, дәстүрлі тоқыма бұйымдар көрмесі жасақталды. Сондай ақ, жүннен бұйымдар жасау технологиясының және кілем ,сырмақ, өрмек тоқу,жүн бояу және киіз басу,текеметке өрнек салу (ақ киіз), жүн түту, сабау,шүйке жасау,ұршық иіру тәсілдерінен шеберлік сағаты өтті.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Күні бойы қала қонақтарына қазақ салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру мақсатында көріністер қойылып, Ұлттық тағамдар көрмесін көпшілікке ұсынды. «Дәстүр тағылымы» тақырыбында сал-серілер, жыр, терме, күй, халықтық фольклор өнерінің шеруі және ұлттық дәстүрлер қойылымдары сахналанды. Күн соңында «Халық әні – қазынам» атауымен «Мерей» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Сонымен қатар Шардара ауданының мәдени күндері аясында жастардың танымдық қабілетін арттыруға, интеллектуалды, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында «Ой мен ойын» интеллектуалды сайысы өтті.
Возможно, это изображение 1 человек
Этноауыл аумағында ұлттық спорттық ойын түрлерінен сайыстар және аудан өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Сондай-ақ «Көше театры шақырады» атты аудан өнерпаздарының әдеби-сазды театралдық қойылымы сахналанады. «Туған жерім Шардара, шаттық мекенім» атты кітап көрмесі жасақталып, «Ақ әжелер» халық ансамблі өнер көрсетеді. Кешкі сағат 19:00-де «Керуен Сарай» туристік орталық алаңында «Жайнай бер,шағалалы Шардара» тақырыбымен аудан өнерпаздарының танымал эстрада жұлдыздарымен бірлескен гала-концерті өтеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*