Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының өсуіне, сол арқылы халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер етеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение текст
Мемлекетіміз тәуелсіздігін алғаннан бастап «капитализм» бағытын ұстанып, жеке кәсіпкерлік өте қарқынды дамып келеді. Сол арқылы отандық өнімдер пайда болып, ел экономикасы нығая түсуде. Бұл бағытта шағын және орта кәсіпкерлікті бастаушыларға, ірі кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдаулар да орасан.
Қазығұрт ауданында да соңғы жылдары кәсіпкерлік бағыты қарқынды дамуда. Осыны ескерген аудан әкімі Азизхан Исмаилов өзінің жұмыс жоспарына сәйкес, Қазығұрт ауыл округінде орналасқан, құрғақ құрылыс қоспаларының түрлерін өндірумен айналысатын «Суан» ЖШС-не арнайы барды. Атаулы кәсіпорында 5 адам жұмыс жасап, тәулігіне 10 тоннаға дейін өнім өндіреді.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Кәсіпкерлік нысан басында аудан әкімі Азизхан Азимханұлы кәсіпорын басшысы Нұрсұлтан Тастановпен кездесіп, жұмысына оң баға берді. Сондай-ақ, кәсіпорын аумағын кеңейтіп, өнімді ұлғайту керегін айтты. Бұл бойынша мемлекет тарапынан белгіленген көмектерді көрсетуге ықпал ететінін жеткізді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*