Аудан аумағында 2024 жылдың 5-6 шілде аралығында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметіне қарасты ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен олардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз ойын-сауық мекемелерінде жүруінің, тұрғын үйден тыс болуының жолын кесу үшін рейдтер өткізуде.
Іс-шара барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болу, Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берілген фактілерін анықтау бойынша рейдтер өткізілуде. Рейд барысында жалпы 20-ға жуық құқық бұзушылықтар анықталып, олардың ата-аналарына тиісті шара қолданылды.
© Jetpisbai.kz