Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «СЕНБІЛІККЕ ТҰРҒЫНДАР ДА ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУЫ ТИІС»

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «СЕНБІЛІККЕ ТҰРҒЫНДАР ДА ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУЫ ТИІС»

Aуданда “Таза Қазақстан” акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық акциясына аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей арнайы қатысып, елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру жұмыстарына үлес қосуға келген азаматтарға алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и трава
Сонымен қатар аудан әкімі қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті екенін айтып, тазалық шараларына аудан тұрғындарын бірлесе атқаруға шақырды.
Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Яғни олар өздеріне бекітіліп берілген аумақтарда (көшелерде) жол жиектері мен арық-атыздарды қоқыстан тазартып, жабайы өскінділерді шапты. Сондай-ақ ағаштарды ақтап, қабырғаларды сырлады.
Возможно, это изображение 3 человека и трава
Акцияға елді мекендердің тұрғындары да атсалысып, үйлерінің аумақтарын, көшелерін қоқықстардан тазартты.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*