Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТАЗАЛЫҚ — ЖАННЫҢ САУЛЫҒЫ, ІШКІ МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ

ТАЗАЛЫҚ — ЖАННЫҢ САУЛЫҒЫ, ІШКІ МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ

Отырарлықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясында белсенділік танытуда. Ауданда өткен тазалық жұмыстарына 1000-нан аса адам қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека, опунция и трава
Жалпыхалықтық сенбілік барысында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Сенбілікке мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестік өкілдері,
ерікті жастар мен ауыл тұрғындары қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Ардагерлер саябағы, «Жібек жолы» даңғылы, Д.Алтынбеков,С.Ерубаев көшелері мен аудандық орталық аурухана маңындағы сенбілік жұмыстары барысында жиналған қоқыс қалдықтары мен арам шөптер арнайы полигондарға жеткізілді.
Возможно, это изображение 8 человек, опунция и трава
Тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауына, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізері анық. Осыны кейінгі жастарға өнеге еткен тұрғындар көше мен аула тазалығын күн сайын қадағалап отырудың маңыздылығын айтуда. Себебі, тазалық — жанның саулығы, ішкі мәдениеттің бастауы.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*