Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияны қолдау мақсатында сонымен қатар, «6 шілде Астана қаласының күні» мерекесіне орай, бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар А-15 тасжолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар тасжолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге 13 ауылдық округпен қала , бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері,діни қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер, жалпы саны 900-ге жуық адам белсене қатысты.
Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген қарқынды тазалық акциясы барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шөптері орылып, қураған ағаш бұтақтары кесілді. Жалпы 25 техника жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды. Аудан аумағындағы мешіттермен мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акция барысында:
— Сіздерді «6 шілде Астана қаласының күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында ,сондай-ақ ауданымыздың тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Бүгінде тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналдыру қажет.Сондай-ақ, бұл жұмыс аудан орталығында ғана емес, ауыл округтерде, елді мекендерде де ұдайы ұйымдастырылуы керек. Туған жерімізді таза ұстау өзімізге байланысты, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене тасалысуға шақырамын! — дей келе, тазалық жұмыстары жыл бойы жалғасын табатынын атап өтті.
«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
© Jetpisbai.kz