«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында аудан бойынша жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен ауыл тұрғындары жұмыла кірісіп, аялдамаларды, ішкі көшелерді, саябақтар мен арық-атыздарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ Түркістан бағытына шығар жол бойындағы “Жасыл белдеу” аумағындағы тал көшеттері суарылып, арам шөптер оталды.
Жалпы сенбілікке 2250-ге тарта мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен белсенді жастар және 16 арнайы техника жұмылдырылды. 31 шақырым көше бойлары мен 12 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Өзен-көлдер мен арықтардың 8 шақырымы тазаланып, полигондарға сенбілік барысында 74 тонна қоқыс тасымалданды.
© Jetpisbai.kz