Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АРЫСТЫҚТАР АЛЫПТАРДЫҢ АЛАПАТ АЙҚАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ – АЗАМАТТЫ САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

АРЫСТЫҚТАР АЛЫПТАРДЫҢ АЛАПАТ АЙҚАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ – АЗАМАТТЫ САЛТАНАТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Астана төрінде 6 шілде де алғаш рет елорданың 25 жылдығына арналған «Толағай» алыптар сайысы өткен болатын. Бес сайыстың қорытындысы бойынша барлық қарсыласынан оза шапқан білекті батыр, Арыстың мақтанышы Азамат Мақұлбеков жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 10 человек и текст
Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өткізілген турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай еліміздің әр өңірінен 15 спортшы бақ сынады.
Білекті батырлар сайыстың 5 түрі бойынша яғни, 1,5 м ұзындықтағы темірді мойынға салып майыстыру, салмағы 140 келілік тасты межелі қашықтыққа дейін апару, 100 келіден асатын ауыр бөренені желкеге салып отырып-тұру, жарты тонналық арбаны сүйреу, он келілік найзаны қашықтыққа лақтыру секілді ерекше сайыс түрлері бойынша сынға түсті.
Осы алпауыттардың алапат сайыстарында ең жоғары ұпай жинаған Түркістан облысы, Арыс қаласының алып батыры Азамат Мақұлбек жеңімпаз атанып, Бірінші орынды жеңіп алды. Оған Алтын белбеу мен алтын медаль және 1 миллион теңге қанжығасына байлады. Айта кетейік, Арыстың Азаматы Түркістан облысында өткен сайыста 3555 рет қошқар көтеріп, әлемдік рекорд жасаған балуан.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
Бүгін Арыс елі батырын қалаға кіреберіс Дендросаябақ алдында сый-құрмет көрсетіп күтіп алды. Алыптар сайысында жасындай жарқылдаған жерлесіміздің жеңісіне ортақтасқан дүйім жұртшылық спортшыға ізгі тілектерін жолдады.
Қала әкімі орынбасары Алмаз Сұлтанов, қалалық мәслихат депутаты Алмаз Шүкірбеков, батырдың ата-анасы мен жақындары және қала тұрғындары арнайы барып, жерлесіміздің жетістігімен мақтанатынын айтты.
Возможно, это изображение 7 человек
«Арыс спорт саласының деңгейі тым биікте. Оны мұндай дәрежеге жеткізген Сіздер секілді спортшыларымыз. Тек жеңістің шыңынан көрініп, қала халқын қуанышқа кенелте беріңіздер», — деді Алмаз Советұлы.
Возможно, это изображение 4 человека, ремень и текст
Бұдан соң қаламыздағы спортқа жанашыр бір топ кәсіпкерлер балуанға ат мінгізіп, құрмет көрсетті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*