Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ІС-ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ІС-ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ

❗Түркістан облысында жеке құрамға тәртіп пен заңдылықты түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара жүргізілді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 10 человек и текст
⚜️Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасына сәйкес Өзіндік қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен Жетісай, Келес және Сарыағаш аудандарында жеке құрам қызметкерлеріне арналған іс-шара жүргізілді.
Профилактикалық шара таңертеңгі уақытта дабыл қағудан басталды. Дабылға сәйкес сақшылар сапқа тұрғызылып, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет жасайтындарын көрсетті. Одан әрі қарай ӨҚБ және жеке құрам инспекциясы полицейлердің құжаттарын, нысанды киімі мен заңдылық бойынша сауаттылығын тексерді.
Возможно, это изображение 4 человека и отдел новостей
Сонымен қатар полиция ғимаратының іші-сырты мен көліктердің жай күйіне назар аударылып, кемшіліктер айтылды. Шара соңында жеке құрамға арналған ауқымды жиын өтіп, онда ҚР ІІМ тарапынан берілген заң мен тәртіп аясындағы тапсырмалар, интегрити чек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайы түсіндіріліп, қылмыс жасаған полиция қызметкерлері туралы сот үкімдері мен заңға қайшы жасаған әрекеттері бейнеленген арнайы деректі фильм ұсынылды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Айта кету керек, департамент бастығының тапсырмасына сәйкес заң мен тәртіптің сақталуын мақсат тұтқан шара басқа да аудандарда жалғасатын болады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*