Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

МӘДЕНИ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Aудан әкімі Азизхан Исмаилов жеке жұмыс жоспарына сай Көкібел және Сарапхана ауылдық мәдениет үйлерінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Атаулы екі мәдениет үйі де 200 орындық, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека
Нысан басында аудан әкімі Азизхан Азимханұлы, «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы» екенін айтып, — Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз, — деп ойын жеткізді. Сондай-ақ, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігермен кездесіп атқарып жатқан ісіне оң баға берді. Басты міндет құрылыстың сапалы аяқталуында екенін айтып, қосымша ақтау, сырлау, кейбір заттарды орнату секілді біршама ұсыныстарын жеткізді.
Возможно, это изображение 5 человек
Аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына аудан көлеміндегі барша ауылдық мәдениет үйлерінің құрылыс жағдайын анықтап баяндауды, арасында жөндеуді қажет ететіндері болса бюджет жағдайына қарап ұсыныс беруді тапсырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*