Aудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы барып, облыстық маңызы бар КХ-49 “Қазығұрт-Қызылқия-Ақжар-Дербісек” автомобиль жолының бойында бастау алған көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жоспарланған уақытта аяқтау қажет екенін ескертті.
Айта кетсек, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сарыағаш пен Қазығұрт ауданын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-49 автомобиль жолының су өткізгіш құбыры орташа жөндеуден өтуде. Қазіргі таңда, құрылыс нысанында 3 көзді диаметрі 820 мм су өткізгіш құбыры орналасқан. Бұл құбырлар судың өткізу қабілетін төмендетіп, су тасқынының алдын алуға кедергі келтіруде. Осыған орай, қолданыстағы су құбырлары ауыстырылуда.
© Jetpisbai.kz