Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Балдысу елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғын үй аулалары мен көше бойларын ретке келтіріп, акцияға белсене атсалысты. Жол бойындағы арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арансын ашып, тұрмыстық қалдықтарды тазартты.
Тазалық жұмыстарына 60-қа жуық жергілікті тұрғындар мен ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері атсалысты. 2 арнайы техника жұмылдырылып, елді мекеннің 5,7 шақырымды құрайтын ішкі көшелері тазаланды. 2,3 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.
© Jetpisbai.kz