“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы Қазығұрт ауданында жалғасын тапты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Яғни полицейлер әрбір тұрғын өз ауласы мен айнала төңірегіне жанашырлықпен қарап, көркейтуге, көріктендіруге үлес қосуы қажет деген ұранмен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада полиция бастығы Алмас Серікбаев бастаған жеке құрам мен ұйым қызметкерлерімен бірге республикалық акцияның бағыты бойынша аудан көшелерін тазартуға шықты.
Шарада аудан тұрғындарын, қоғамдық мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерін өз аула аумақтарын тазартуға шақырған акция барысында біршама шаруа атқарылып, олқылықтар реттелді.
© Jetpisbai.kz