Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен ауданда іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық штабтың отырысы өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті сала және дербес бөлімдердің басшылары, инвестициялық жобалардың иелері қатысты.
Отырысты аудан әкімі ашып, инвестициялық штабтың негізгі мақсатына тоқталды. Яғни, штаб инвестициялық жобаларды іске асыруда әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеуді, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеуді, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыруды және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ететіндігін айтты.
Штаб отырысының күн тәртібіне сәйкес инвестициялық жобалардың иелері тыңдалды. Жобаны жүзеге асырудағы өзекті мәселелер талқыланды және шешу жолдары қарастырылды.
Возможно, это изображение 4 человека
Өз кезегінде аудан басшысы бұдан алдыңғы инвестициялық штабтың отырысындағы көтерілген мәселелердің (инфрақұрылым) кейбірінің шешімін таппағанын айтып, оларды бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша сала мамандарына тапсырмалар берді. Сондай-ақ жоба мерзімінде жүзеге асырмаған жағдайда тиісті жер телімінің қайтарып алынатындығы ескертілді.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі инвестициялық жобалардың іске асырылуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жеке инвестиция көлемінің артуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің артуына үлкен мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*