Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ДЕКЛАРАЦИЯ ТАПСЫРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Қазығұрт ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Қанат Абдурахманұлы Иматовпен, Қазығұрт аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Батырхан Ұласұлы Оспанов, Қазығұрт ауданына қарасты мемлекеттік мекемелердің, денсаулық сақтау, білім беру бөлімі қызметкерлерінің, квазисектор басшыларының, ауыл округ әкімдерінің және салық мамандарының қатысуымен декларация тапсыру мәселелерін талдау жөнінде жиын өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся, стол и текст
Жиын барысында, екі мәселе қаралды:
1. Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, ресми мінез-құлық қағидаларын ұстану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру, мемлекеттік қызметкердің ойын мекемесіне бармауы және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау әдебі, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық мәселелерін түсіндірілді.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
2. 2021 жылы қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларация тапсыру енгізілген. Бұл процесс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Декларация тапсырудың 2 –ші және 3-ші кезеңдері бойынша аудандағы барлық мекемелер мен кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың декларация тапсыру барысына талдау жасалды. Мемлекет азаматтардың әділетті түрде салық салуы мен жеке кірісін бақыламақ. Ондағы мақсат — жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы азайту, Сондай-ақ, қызметкерлерге жалпыға бірдей декларациялауды заңнамаға сай тапсырудың тәртіптері түсіндірілді. Атап айтқанда, 250.00 және 270.00 нысаны бойынша салық есептілігі декларациясының тапсыру мерзімін және нұсқаулығы жөнінде айтып өтті.
Мәліметтерді уақтылы ұсынбағандарға әкімшілік айыппұл салынатындығы туралы қатаң ескертілді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*