Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Отырар аудандық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы болып өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Сессияны мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов ашып, жүргізіп отырды. Сессия отырысына аудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, ауыл округі әкімдері мен бөлім басшылары, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде 9 мәселе қаралды. Атап айтсақ Отырар ауданының ауылдық округтерінің 2023 жылғы бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептері туралы; Қоғам ауыл округі әкімінің 2023 жылғы атқарылған жұмысы туралы есебі; Аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының 2023 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі; Сайлау комиссияларына толықтыру енгізу туралы; Отырар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №56/266-VI «Отырар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Отырар ауданы әкімдігінің бірнеше комиссия құрамдарына өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралып, дауысқа салынды. Аталған мәселелер бойынша мекеме басшылары хабарлама жасап өтті. Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
Бүгінгі сессияның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, пысықталғандықтан сессияда тиісті шешімдер қабылданды.
Возможно, это изображение 4 человека и люди учатся
Сессия жұмысының соңында аудан әкімі Қ.Жолдыбай депутаттық корпусқа сессия мәселелерін қараудағы жемісті, сапалы жұмысы үшін алғыс айтып, мәслихаттың депутаттық корпусы атқарушы билікпен бірлесіп ауданның әл-ауқатын арттыруға күш-жігерін жұмсайтынын айтып, сенім білдірді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*