Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Aудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жoмарт Тoқаевтың бастамасымен республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» экoлoгиялық акциясының бойынша атқарылап іс-шара жоспары мен қала аумағындағы санитарлық тазалық мәселелері жөнінде мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 4 человека и текст
Жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері, қала депутаттары мен қала билері, аудандық полиция бөлімінің мамандары, мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлімдер, тазалық жұмыстарына жауапты мекеме басшылары және тұрғындар қатысты.
Жиын барысында Сарыағаш қаласының әкімі А. Ешанқұлов қала аукмағындағы тазалық мәселесі бойынша іс-шара жоспарын баяндады. Сонымен қатар, ашық форматта өткен жиында тазалық мәселесі бойынша ұсыныстар ортаға салынып, тазалық жұмыстарын атқарушы жауапты мердігер мекеме өкілдеріне сұрақтар қойылды.
Возможно, это изображение 11 человек, помост и текст
Жиын соңында аудан басшысы экоакцияны ұйымдастыру бойынша аумақтар бөліп, тазалық және абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар жүктеп, хаттамаларға енгізілді. Сондай-ақ, қала аумағында билинг негізінде келісім шарт түзілген жауапты мердігер мекеме өкілдерінің жұмыстары бойынша бірқатар ескертулер атап өтіп, жауапкершілікпен жұмыс атқаруды тапсырды.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*