Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » 1500-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАС ПОЛИЦЕЙІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНА ЖҮГІНДІ

1500-ДЕН АСТАМ АЗАМАТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАС ПОЛИЦЕЙІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНА ЖҮГІНДІ

⚜️Ағымдағы жылдың басынан бастап Түркістан облысы полиция департаментінің басшылығына азаматтарды жеке қабылдауға 1500-ден астам адам түрлі сұрақтармен, шағымдармен және ұсыныстарымен жүгінді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көптеген өтініштер қылмыстық істерді тергеуге, сонымен қатар әкімшілік және криминалды полиция, көші-қон және жергілікті полиция қызметі, кадрлық жұмыс мәселелеріне қатысты болды.
Возможно, это изображение 1 человек
▫️Жеке қабылдау барысында облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов өтініш білдірген азаматтардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап беріп, әр жағдайдың мәнін мұқият зерттеп, олардың проблемаларын шешу жолдарын ұсынды.
Бірқатар шағымдар бойынша полиция департаментінің бастығы қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді, ал егжей-тегжейлі талқылауды қажет ететін қалған мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау мерзімдері белгіленді.
Возможно, это изображение 3 человека, люди учатся, отдел новостей, больница, помост и текст
Полицейлер атап өткендей, азаматтардың шағымдарын уақтылы қарау, сондай-ақ келіп түскен сұрақтарға дер кезінде ден қою халықтың полицияға деген сенімін арттырады. Бұл бағыттағы жұмыс Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*