Aудан әкімі Шәкір Сұлтанхан Қайнарбұлақ және Ынтымақ-2 елдімекендердiң тұрғындарымен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Қайнарбұлақ елдімекеннің тұрғындары бірінші кезекте табиғи газ мәселесін көтерді. Өз кезегінде Ш.Асылханұлы аталған мәселе тиісті мекемелерге жолдап оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.
Ал, Ынтымақ-2 бағдаршам орнату, ішкі көшелерді асфальттау және жарықтандыру, мектеп құрылысының жаңа оқу жылына аяқтау мәселелерін айтты.
Тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі барлық сұрақтарға толымды жауап беріп, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
© Jetpisbai.kz