Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерде жол таңбалары сызылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы, қалада асфальт жолдың ұзындығы – 2312,3 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес биыл 1100 шақырымға жуық жол таңбалары сызылады. Осыған дейін оның 167 шақырымы жүргізілген.
Олар:
1.Арғынбеков көшесі
2. Сыпырған ата көшесі
3. ⁠Адырбеков көшесі
4. ⁠Бәйтереков көшесі
5. ⁠Қазыбек би көшесі
6. ⁠Бәйдібек би — Төлеметов көшелерінің қиылысы
7. ⁠Төлеметов — Сырым батыр көшелерінің қиылысы
Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 орынға трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылады. Назарбеков көшесінде Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің тұсына салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын сызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар қозғалысқа кедергі келтірмес үшін түнгі мезгілде атқарылады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*