№1 қалалық клиникалық аурухана базасында кезекті 221- ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Науқастар ерлі—зайыпты, донор — әйелі, ал күйеуі — рецепиент. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған.
Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берді.
Қазір екі пациенттің де жағдайы жақсы. Бүйрегін алмастырған науқастар үйге шығарылды.
© Jetpisbai.kz