Қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауда белсенді қызмет етіп жүрген жанашыр азаматтарымыздың қатарын арттыру мақсатында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында аудан тұрғындары тазалық шарасында белсенділік танытуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы орайда, ауданға қарасты Құркелес, Жартытөбе ауылдық округтерімен Сарыағаш қаласының аумақтарының тұғындары бір кісідей білек сыбана кірісіп, жол жиегіндегі бағана мен ағаш түптерін ақтау, ағаштарды ретке келтіру, бей-берекет тасталған қоқыстарды шығару, шөптерді ору тазалық жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, жасыл желектер суғарылып, түптері қопсытылды.Жалпы 100-ге жуық тұрғын сенбілікке, өатысып 2 техника жұмылдырылды.
Барша аудан тұрғындарын тазалық шараларына атсалысуға шақырамыз!
Атқарылған сенбіліктер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
© Jetpisbai.kz