Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » САЛА БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНЫП, ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

САЛА БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНЫП, ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Aудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен жиын өтті. Жиында аудан көлемінде әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді зерделеп, жұмыс барысын бақылауына алды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека и текст
-Ауданда әр сала бойынша іске асып жатқан жұмыстарды барынша үйлестіріп, уақытылы атқаруды талап етемін. Бұл мәселе сала орынбасарлары мен барлық бөлім басшыларына қатысты. Жұмыстың сапасына да баса мән беру қажет,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы салынып жатқан құрылыс нысандары, көгалдандыру, ішкі көшелерге төселетін асфальт жабындысы мен орнатылатын көше жарықшамдары сынды жобаларға жеке-жеке тоқталып, салаға жауапты орынбасарлары мен бөлім басшыларына жұмысты ширату жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*