Бүгін, яғни 24 наурызда алғаш болып шымкенттік спортшылар қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған «Бірге жүгірейік» челенджін бастады, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.
Челлендж Қазақстан Республикасының Президенті Қасым — Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында спорт қайраткері Сергей Цырульниковтың бастамасымен жүзеге асып отыр.
Мұнда бағдарламаға сәйкес он төрт жасқа дейінгі спортшылар қатысты. Іс-шараның арнайы қонағы күш нөмірлері бойынша әлемнің төрт дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның бес дүркін рекордсмені Сергей Цырульников болды! ⠀
Мәреге бірінші келген 150 спортшыға атаулы сертификаттар берілді.
Алдағы уақытта челлендж келесі қалаларда кестеге сәйкес жалғасын табады.
1. Шымкент-24 наурыз
2. Түркістан-3 сәуір
3. Қызылорда-10 сәуір
4. Атырау-17 сәуір
5. Ақтау-24 сәуір
6. Қостанай-1 мамыр
7. Петропавл — 8 мамыр
8. Көкшетау-15 мамыр
9. Павлодар-22 мамыр
10. Өскемен-29 мамыр
11. Талдықорған-5 маусым
12. Тараз-12 маусым
13. Алматы-19 маусым
14. Қарағанды-26 маусым
15. Нұр-Сұлтан-3 шілде ⠀