Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ КӨМЕГІМЕН БАС МИ ІСІГІНЕ СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ КӨМЕГІМЕН БАС МИ ІСІГІНЕ СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №2 ауруханасында алғаш рет нейронавигациялық құрылғы көмегімен бас ми ісігіне сәтті операция жасалды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері, қалалық мәслихаттың депутаты Бакытжан Позиловтің фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Науқас 72 жаста, соңғы 2-3 айда сол жақ аяғының күн өткен сайын әлсіреуін байқаған. Тіпті жүруі нашарлаған. Дәрігерлердің нұсқауымен бастың магнитты-резонансты томографиясын жасаған. Диагноз мидың ісігі, онкология. Науқасты емхана невропатолог маманы дереу арада нейрохирург дәрігеріне жолдаған.
Науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жолдама арқылы Шымкент қалалық №2 ауруханасына жоспарлы түрде жатқызылып операцияға алынады….
Операцияны нейрохирург Медетов Еркін Жұмағұлұлы соңғы үлгідегі инновациялық әдіспен нейрохирургиялық навигация құрылғысын пайдаланып жасады.
Атап өту керек нейрохирургиялық навигация құрылғысының операция кезінде көмегі орасан, бұл құрылғы операция барысында нейрохирургтарға ісіктің орналасқан жерін және шекарасын 0,1мм дәлдікпен көрсетеді. Қателесу мүмкін емес. Аталған құрылғының көмегімен мидың тамырларын және маңызды аймақтарын толық сақтап қалуға болады.
Өте күрделі операция сәтті өтті. Қазіргі жағдайы жақсы. Енді қорқыныш жоқ, барлық жамандық артта қалды, жақын күндері үйіне немерелеріне қайтады.
Нейронавигациялық құрылғы бүгінгі таңда ауыр науқастардың сауығуына және өмір сүру сапасын жақсартуға нақты мүмкіндіктер береді.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*