Аудан әкімі Шәкір Асылханұлы Қайнарбұлақ тұрғын алабына барып, тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға тиісті басқарма мамандары, бөлім басшылары қатысты.
Кездесуде тұрғындар тарапынан шағал тас төсеу жұмыстары, автобус, газ мәселесі көтерілді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тұрғындардың талап-тілектері ескерілетінін, ұсыныстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты.
© Jetpisbai.kz