
Жылдан жылға халық саны артып келе жатқан «Шымкент сити» шағын ауданында қазір 10 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда 3412 пәтерден тұратын 55 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Ауыз су, электр энергиясы және табиғи газ мәселелері толығымен шешілген, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алайда, 2017 жылдан бері қолданысқа берілген кейбір көшелердегі бағдаршамдар мен жарық шамдарының ақаулықтары жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған болатын. Қауіпсіздік шараларының қамтылмауына байланысты мұнда жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен.