Отырар ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық республикалық экологиялық акциясы аясында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары атқарылуда, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан орталығындағы «Жібек жолы» даңғылы бойында қоршауларды сырлау, гүлзарларды суғару, арамшөптерді отау жұмыстарына қоғамдық жұмыспен қамтылғандар мен ауыл тұрғындары қатысып, «Отырар 2050» мекемесінің арнайы техникаларының көмегімен жиналған қоқыс қалдықтары полигондарға тасталды.
Аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерінде де арық-атыздарды тазалау, көшелер мен аяқ жолдарды күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары атқарылуда. Тазалық шарасына округтердегі мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен мәдени орталық өкілдері, еріктілер қатысты. Нәтижесінде көше бойлары тазаланып, ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. Сонымен қатар, аяқжолдар тазаланып, саябақтар мен скверлер ретке келтірілді.
Экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табатын болады.
© Jetpisbai.kz