Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІЛЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

ҚОҒАМДЫҚ КӨМЕКШІЛЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Шымкент: 250-ден астам қоғамдық көмекші «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасына белсенді қатысты.
Қоғамдық көмекшілер – полицияның сенімді серіктерінің бірі. Олар қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішу, ұсақ құқық бұзушылық, карантин режимін бұзу бойынша халық арасында Қазақстан Республикасы заңнамасын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ақпараттық жұмыс жүргізеді.
Осы тұрғыда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетов қала тұрғындарымен әр кездескен кезінде қоғамдық көмекшілердің маңыздылығын, қажеттілігін және тиімділігін атап өтеді.
Қала аумағында Полиция департаменті және Пробация қызметінің қызметкерлері бірлесіп 2021 жылдың 15-24 наурыз аралығында «Пробация» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.
2021 жылдың 24 наурызына дейін профилактикалық іс-шара барысында полицейлер, пробация қызметінің қызметкерлері және қоғамдық көмекшілері пробацияның есебінде тұрған 1456 сотталғандар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Әрбір азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізілді. Іздеуде жүрген 2 сотталған ұсталды. Жазаны өтеу ережелері мен шарттарын бұзған 29 азамат анықталып, оларға қатысты жазаларын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру үшін аудандық сотқа тиісті құжаттар жолданды. Сонымен қатар сотталғандардың пробациялық бақылау мерзімін ұзарту мақсатында аудандық сотқа 4 құжат жолданды.
108 сотталғандарға жазбаша түрде ескертулер берілді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*