Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жұмыс орындарын құру, бюджеттің атқарылуы, көктемгі егіс жұмыстарының қорытындылары баяндалды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Тұрлыбеков Тұжырымдамалар мен Даму жоспары шеңберінде жұмыссыздықты төмендету мақсатында биылғы жылға азаматтарды жұмыспен қамту шаралары бойынша баяндама жасады.
Биыл 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Меже әзірге 32,4% орындалып отыр. Бұл ретте қала әкімі ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының басшыларына азаматтарды жұмысқа орналасуына ықпал ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аппарат мәжілісінде Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Т.Мекембаев көктемгі егіс жұмыстарын баяндады. Бүгінде жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егілді, алқаптан 86,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Көктемгі егіске бөлінген 35,9 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай тауар өндірушілеріне үлестірілуде. Жоспарға сай 1 200 гектарға жуық аумақта химиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қала әкімі залалсыздандыру шараларын саябақтар мен гүлзардарда да жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар қаңғыбас иттер мен мысықтардың баспанасын қолданысқа беру процесін тездетіп, өзекті мәселені шешу бойынша тапсырма берді.
Қала басшысы жауаптыларға халық қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы көпірлердің жағдайын қатаң қадағалауды, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді жою мақсатында қолға алынған «Реновация» бағдарламасын жүзеге асыруды, Көксай елдімекеніндегі ретсіздіктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*