Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » Шымкент қаласының әкімі телекоммуникациялық компания басшыларымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі телекоммуникациялық компания басшыларымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы мен компаниясы өкілдері келді.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен және «Kcell» акционерлік қоғамы компаниясының өкілдерімен кездесті. Шымкент қаласының әкімі Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Кездесу барысында қалада кең жолақты интернетке қосылуды дамыту мәселелері және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Шымкент қаласын цифрландыруға бағытталған жаңа қызметтері талқыланды. Сонымен қатар, байланыс операторларымен телекоммуникация желілерін дамыту жоспары пысықталды. Кездесу барысында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басшылығы қалада жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталды.

Атап айтқанда, 2022-2024 жылдар аралығында ұлттық байланыс операторы телекоммуникация саласын дамытуға 6 миллиард теңгеден астам инвестиция бөліп отыр. Бұдан бөлек, бүгінде тұрғындардан байланыс сапасы мен интернет жылдамдығының төмендігі туралы шағымдар түсіп жатқанын да айтты.

Айта кетерлігі, қазір қалада базалық станциялардың аздығынан байланыс нашар орындар бар. Жиын барысында кәсіпорын өкілдері ғимараттар мен жаңа тұрғын үй кешендерінің шатырларына жабдықтар орнатуды, антенналық діңгек құрылымдарын және қосарлы мақсаттағы көше тіректерін салуды үйлестіру тетіктерін пысықтауды сұрады.

Сондай-ақ өз кезегінде байланыс пен интернет сапасын арттыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін де атап өтті. Әкім Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*