Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы басқарма жұмыстарымен таныстырды.
Спикердің айтуынша, 2024 жылдың 5 айында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына лицензиялау бойынша жалпы саны 366 өтініш түскен (5 ай- 258), оның ішінде лицензия берілгені 119 (5 ай -75), оның ішінде (лицензия-39 (5 ай -7), переоформление-80 (5 ай -68), бас тартылғаны 11 (5 ай — 120) және кері қайтарылғаны 236 (5 ай -171) өтініш болып отыр. Жыл басынан құрылыс саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыру үшін 33 (5 ай — 20) сарапшылардың аттестаты берілген.
Сондай ақ, Қазақстан Республикасының азаматтық Кодексіне сәйкес 37 нысанға талап арыздар жолданған. — 37 құрылыс нысандарына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шықты. — 10 сот шешімімен қанағаттандырусыз қалдырылды. — 17 сот шешіміне сәйкес мәжбүрлеп бұзылды. — 10 сот орындаушылар палатасына жолданған. Еске сала кетсек, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының негiзгi бағыттары: — сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру; — құрылыс қызметi субъектiлерiн лицензиялау және мамандарды аттестаттау; — тұрғын үй инспекциясы; — газтехникалық инспекция. Жыл басынан бері басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 384 хабарлама басқарма реестрінде тіркелген. Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының м.а. Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлының сөзінше: — бюджеттік қаражат есебінен — 35 хабарлама. — жеке қаражат есебінен — 349 хабарлама.
Объектілердің пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып қарау бойынша 345 өтініш түскен. Оның ішінде 108 өтініші оң қараумен қаралған. Құрылыс объектілері бойынша 79 (5 ай — 338) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Құрылыс сапасына қатысты – 8 (5 ай -15) құрылыс объектілері бойынша 8 (5 ай — 15) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді Мерлан Әбдірахманұлы.